Мүгедектердің жеделсатысына мініп алған бір топ адам желідегілердің ашуын туғызды

16:32, 9 қыркүйек 2019

Әлеуметтік желілерде аспалы жаяу жүргіншілер өткеліндегі мүгедектерге арналған жеделсатыға мініп алған бір топ адамның видеосы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодағы дерекке сүйенсек, бұл аспалы көпірге шығып-түсуі үшін мүгедектерге арналған жеделсаты үш адамды ғана көтере алады екен. Ал есік ашылғанда, жеделсаты ішінен үш емес, тіпті оншақты әрі сап-сау адамдар сыртқы сау ете түсті. Оларға "неге мүгедек адамның жеделсатын қолдандыңыздар" деп сауал қойылғанда, қолына бала жетектеген бір әйел: "Ақымақтарыңызды кешіріңіз", - деп қалжыңдап, мәселе жауабынан жалтаруға тырысты.

Видеоны Алматы қаласының Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, арбаға танылған мүгедек Богдан Джепка желіге жүктеген. Ол мына түрімен жақын арада бұл жеделсаты сынып тынады деп күйінеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!