Мөлдір Әуелбекова баласының туған күніне 60 млн теңгенің сыйлығын тарту етті
© Сурет: видеодан алынды
Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлы Салтайдың туған күніне бағалы сыйлық тарту ететінін алдын ала жариялап, елді елең еткізген. Ол бағалы сыйлықтың құны 60 млн теңге екенін де жасырмады, бірақ оның не екені күні кешеге дейін бәймәлім болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өзім уәде еткенімді орындап, жаман үйретіп қойыппын. Есесіне, балам сыйлығын алатынына сенімді. Қатты қобалжып жүрмін. 60 млн теңге оңай емес",- дейді әнші Instagram парақшасына жүктеген видеода.
Сондай-ақ ол бұдан бөлек 40 адамға дастарқан жайып, шоу ұйымдастырылғалы жатқанын да жеткізді.
Көп ұзамай бағалы сыйлықтың не екені белгілі болды.
"60 млн теңгенің сыйлығы осы! Баламның қалауы пәтер болатын. Менің тағы бір үлкен жетістігім - осы! Қуаныштан бір жылап алдым! Аллаға сансыз шүкір! Қолдаушы ата-анама және алға жетелеуші ұл-қызыма рақмет! Тілекші халқыма үлкен алғыс! Жұғысты болсын! Әмин!", деп жазды желіде әнші.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:41, 19 желтоқсан 2025
Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті





