Мобильді аударымдар: күмәнді операциялар үшін қазақстандықтарға айыппұл салына ма
© Фото: pexels
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылғы 28 мамырда Сенат кулуарында қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеру барысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер мобильді аударымдарды тексеру қорытындысы бойынша қазақстандықтарға хабарламалар жіберіле бастады ма деген сұрақ қойған.
"Жұмыс жүріп жатыр, біз барлық санат бойынша хабарламалар жіберіп жатырмыз. Бірақ ол жерде мерзім бар – 30 жұмыс күні. Біз салық төлеушілердің реакциясы бойынша қорытындыны көріп отырмыз. 30 жұмыс күні ішінде орындауға мүмкіндік береміз. Декларация тапсыруға немесе түсініктеме беруге жағдай жасалады. Қандай да бір айыппұл санкциялары немесе банктік шектеулер қолданылып жатқан жоқ", – деді Ержан Біржанов.
Сондай-ақ, ол азаматтарға тексеру нәтижесінде бірден жаза қолданылмайтынын, алдымен түсіндіру және есептілікті ретке келтіру мүмкіндігі берілетінін атап өтті.
Айта кетейік, 2026 жылғы 14 сәуірде Ержан Біржанов күмәнді мобильді аударымдардың саны қашан белгілі болатынын да айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:57, 28 мамыр 2026
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
-
11:42, 28 мамыр 2026
Атырауда полиция зейнеткердің миллион теңгесін сақтап қалды
-
11:35, 28 мамыр 2026
Қазақстандық жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде өзі туралы күтпеген дерекке тап болды
-
11:23, 28 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:16, 28 мамыр 2026
ІІМ бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді кигені үшін жауапкершілік туралы еске салды





