Мирзиёев Қарақалпақстанда болып, ақсақалдармен жүздесті

17:10, 3 шілде 2022

© Сурет: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев ел Конституциясына бірқатар түзетулер енгізуді көздейтін жобаға қарсы митингілер өткен Нүкіс қаласына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Жекетерек махаласына барып, тұрғындармен кездесті.

Жергілікті ақсақалдар соңғы оқиғаларда жастардың кейбір өкілдері қателесіп, сыртқы диверсиялық күштердің ықпалына түсіп, эмоцияға бой алдырғанын өкінішпен атап өтті. Өзбектер мен қарақалпақтар – екі тілде сөйлейтін бір халық, біздің еліміздегі бірлік пен бейбітшілікті бағалап, қорғау қажет. Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

Кездесу

Сурет: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, таңертең Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанның барлық аудандары қосылаған бейнеселекторлық кеңес өткізді. Хокимдер мен аудандардың құқық қорғау органдарының бастықтары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Мемлекет басшысының кешегі үндеуінен кейін жағдай тұрақталып, қалыпты жағдайға оралғаны атап өтілді.

Жергілікті халықпен жүздесу

Сурет: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан Президентінің Жарлығымен 3 маусымнан бастап Қарақалпақстан территориясында төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Аумақтың коменданты жағдайдың толық бақылауға алынғанын айтып, қазіргі жағдай туралы есеп берді.

1 шілдеде Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласында шерулер өткізді, содан кейін олар орталық дехкан базарының аумағына жиналып, заңсыз демонстрация ұйымдастырды.

Адамдар Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасына байланысты митингке шықты, олар Қарақалпақстанның Өзбекстаннан шығу құқығы туралы тармақты алып тастауға түбегейлі наразы .

Кейін Өзбекстан билігі наразылық білдірушілердің мемлекеттік басқару органдарын басып алуға тырысқандарын мәлімдеді.

Президенттің Жарлығымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында Қарақалпақстан Республикасының территориясында 2022 жылдың 3 шілдесінде сағат 00:01-ден бастап 2022 жылдың 2 тамызында сағат 00:00-ге дейінгі аралықта төтенше жағдай енгізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!