Министр Астананың айналасындағы жасыл аймаққа қатысты жауапты тұлғаларға тапсырма берді
© Сурет: Telegram/EcologyofQazaqstan
20 шілдеде Экология және табиғи ресурстар министрі Астана қаласының айналасындағы жасыл аймақты аралап шықты. Көктен шолу жүргізген Ерлан Нысанбаев Астана маңындағы әртүрлі өсімдік дақылдарының мәселелері бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, А.Н.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтының және "Жасыл Аймақ" ШЖҚ РМК өкілдерімен бірлесіп Астана қаласының аймағындағы жасыл желектітік ұшақпен бақылап, егілген ағаштардың жай-күйімен танысты.
Министр бұрыннан бар көшеттерді тығыздау, күйзеліске ұшыраған көшеттерді қалпына келтіруді тапсырып, одан арғы атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті тапсырмаларды жүктеді. Неғұрлым құнды тұқымдардың, оның ішінде микроклональды тәсілмен алынған отырғызу материалдарын қолдануға ерекше назар аудару қажет, бұл ретте осы жұмыстарды ғылыми сүйемелдеуге ерекше көңіл бөлу керектігі айтылды.

Сурет: Telegram/EcologyofQazaqstan
Жалпы жасыл желектің жағдайы қанағаттанарлық.
Бүгінгі күні елорда айналасындағы жасыл аймақтың жалпы ауданы 102,3 мың гектарды құрайды, оның ішінде "Жасыл аймақ" РМК аумағында - 87,6 мың гектар, "Астана Орманы" ЖШС аумағында - 14,7 мың гектар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі





