Милад Карими: Жанкүйерлерге алғыс айтамын, көпсайыста 24-орында қалдың деп сөккен жоқ
© Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Париж Олимпиадасының финалдық сынына қатысты өз пікірін бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Еркін жаттығудан финалда өнер көрсеткен Карими 14.500 ұпаймен алғашқы бестікке енді.
"Іріктеу кезеңі мен көпсайыстың финалы мен үшін сәтсіз өтті. Көп қателік жібердім. Бірақ көпсайыстан соң жиналып, бүгінгі еркін жаттығудың финалдық кезеңіне жақсы дайындалдым.
Негізі, медаль аламын деген ой болған. Бірақ төрешілер шешімі осындай болды.
Токио Олимпиадасының финалында мен кілем сыртына шығып кеткен едім. Ал бұл жолы бәрін ойдағыдай орындап шықтым.
Осы орайда, мен қазақстандық жанкүйерлерге алғысымды айтамын. Көпсайыста 24-орында қалдың деп сөккен жоқ. Бәрі қолдауын, алғысын жолдап жатыр. Содан күш алып, бүгін жақсы өнер көрсеттім.
Ал көпсайысқа келер болсам, мен бұл жаттығуда жүлдеге үміткер болмадым", - дейді Карими.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:53, 9 қыркүйек 2024
Қазақстанда тұрғын үйді ТЖ-дан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін
-
16:45, 9 қыркүйек 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанадағы этноауылдарға 3 күн ішінде 70 мыңнан астам адам кірді
-
16:34, 9 қыркүйек 2024
Астанада балалар көпқабатты үйдің балконынан құрдастарын құлатқысы келген
-
16:21, 9 қыркүйек 2024
Қырғызстан президенті мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеруге тыйым салды
-
16:13, 9 қыркүйек 2024
Алматы полициясы бес адамды алдап, қомақты қаражат жымқырған күдіктіні ұстады