Михаил Шайдоров Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша үшінші орын алды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братиславада (Словакия) өтіп жатқан ISU Challenger сериясындағы халықаралық турнирде жаңа жарыс маусымын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олимпиада чемпионы Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Шайдоров өз бағдарламасын орындағаны үшін 95,98 ұпай жинап, аралық есепте үшінші орынға жайғасты.
Қысқа бағдарламадан кейін 101,16 ұпай жинаған Евгений Семененко көш бастап тұр. Екінші орында – 99,10 ұпай алған Италия өкілі Даниэль Грассль.
Ондрей Непела мемориалы Братиславада 24-27 қыркүйек аралығында өтеді. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger сериясына кіреді.
Ал Шайдоров үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы ресми жарыс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:24, 27 қыркүйек 2026
Қарағанды облысында 19 жылжымалы блок-бекет қойылып, жүргізушілерге ескерту жасалды
-
12:51, 27 қыркүйек 2026
Каспий теңізіндегі трагедия: аман қалған үш сарбаз «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
-
12:51, 27 қыркүйек 2026
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде аман қалған үш сарбазды «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
-
12:29, 27 қыркүйек 2026
Анатолий Кашпировский 86 жасында әке атанды
-
11:43, 27 қыркүйек 2026
Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер наградталды





