Михаил Кукушкин Ұлыбритания Ашық чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады

19:11, 24 маусым 2024

© Сурет: АТР

Теннистен Ұлыбритания Ашық чемпионатының іріктеу кезеңі басталды. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (132 АТР) алғашқы іріктеу матчын сәтті өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы кездесуде Михаил Кукушкин украиналық теннисші Виталий Сачконы (278 АТР) 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 14 минутқа созылды.

Іріктеудің екінші кезеңінде Кукушкин француз теннисшісі Бенджамин Бонзимен (152 ATR) кездеседі.

Сондай-ақ, уимблдонның басты кезеңіне өту үшін біздің тағы үш теннисшіміз бақ сынайды: Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев және Тимофей Скатов.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!