Мәжіліс депутаттары мен жемқорлыққа қарсы агенттік адамдары Ақтөбеде дәріханаларды тексерді

12:01, 14 шілде 2020

Ақтөбе облысының тұрғындары үшін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі әлі де өзекті мәселе болып отыр. Мәжіліс депутаттары Ақтөбе қаласының ірі дәріханалық желілеріне мониторинг жүргізу мақсатында осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары Глеб Щегельский мен Құралай Қаракен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі және "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлерімен бірге Ақтөбе қаласындағы "Миллениум", "АРС", "Айболит", "Биосфера" сияқты ірі дәріхана желілеріне мониторинг жүргізді.

Бүгінгі таңда облыс тұрғындары коронавирус індетімен және пневмониямен ауырғандар санының өсуіне алаңдап отыр. Осыған орай, тұрғындар бірнеше рет Парламент депутаттарына жағдайға назар аударып, дәріханаларға бақылау жасау қажеттігі туралы айтқан болатын.

"СК-Фармация" бірыңғай операторының аймақтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы таратылған ақпаратына қарамастан, Ақтөбеде медициналық препараттардың жетіспеушілігі проблемасы әлі де өзекті болып отыр.

Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, тексерілген дәріханаларда "Цефтриаксон", "Цеф ІІІ", "Метрид", "Лавомакс", "Парацетамол", "Цефазолин", "Аскорбин қышқылы", "Лидокоин гидрохлориді", "Амбро" және т. б. сияқты бүгінгі таңда сұранысқа ие дәрілік препараттардың жоқтығы байқалады.

Жұмыс тобы мүшелерінің және дәріхана өкілдерінің айтуынша, жақын арада оларға берілген өтінімдерге сәйкес қажетті дәрі-дәрмектер түседі деп күтілуде. Қазіргі уақытта дәріханалар штаттық режимде жұмыс істеуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!