Мәскеу маңындағы бұрынғы ғылыми орталық өртеніп жатыр: қаза тапқандар бар

19:24, 24 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

24 маусымда Мәскеу маңындағы Фрязино қаласында бұрынғы "Платан" ғылыми-зерттеу институты отқа оранды. Ресейлік БАҚ екі адамның қаза тапқанын нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында 100-ден астам маман мен 40 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Алдын ала бағалау бойынша қызыл жалын 4 мың шаршы метрді қамтып үлгерген.

"Бір адамды Ресей ТЖМ қызметкерлері құтқарды. Оны баспалдақ маршы арқылы сыртқа алып шыққан. Ғимаратта әлі тоғыз адам бар. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, от бесіншіден сегізінші қабатқа дейін тараған. Өртті сөндіруді жоғары температура мен қалың түтін қиындата түсуде", делінген хабарламада.


Ресейлік БАҚ отқа оранған ғимарат "Платан" ғылыми-зерттеу институтына және қорғаныс өнеркәсібіне тиесілі деп жазады, бірақ "Росэлектроника" холдингі бұл нысан 1990-шы жылдардың аяғында жекеменшікке өтіп кеткенін айтады.

Бұған дейін ШҚО-да алты орман және 12 дала өрті сөндіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!