Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады
© Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында жарыс аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған еді.
Еркін бағдарламадағы өнері үшін мәнерлеп сырғанаушы төрешілерден 120.58 ұпай алды. Жалпы есепте 187.53 ұпай жинап, әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады.
Алтын медальді жапониялық Каори Сакамото иеленді – 238.28 ұпай. Ол әлем чемпионатында төртінші рет жеңімпаз атанды.
Тағы бір жапониялық Моне Чиба (Жапония) екінші орын алды – 228.47 ұпай. Ал үздік үштікті бельгиялық Нина Пинцарроне түйіндеді – 215.20 ұпай.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:45, 28 наурыз 2026
Қазақстан СІМ Ресейдегі вахталық кентте қазақстандықтардың қатысуымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді
-
11:00, 28 наурыз 2026
Прокуратура Түркістан облысында ветеринария саласында 928 млн теңге жымқыру ісін тергеп жатыр
-
10:43, 28 наурыз 2026
Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды
-
10:04, 28 наурыз 2026
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды: кімдерге серуенді шектеу керек
-
10:04, 28 наурыз 2026
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының нашарлауы күтіледі: кімдерге серуенді шектеу керек





