Мемлекеттік көмек: 2026 жылы АӘК-ке қанша қаржы бөлінді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 8 сәуірде белгілі бір топтағы қазақстандықтарға адресаттық әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалатынын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 31,1 мың отбасындағы 167,4 мың адамға 7,9 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 51,7 мың балаға 942,1 млн. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:08, 8 сәуір 2026
Жалған инвестициядан сақ болыңыз: полиция азаматтарға үндеу жасады
-
11:56, 8 сәуір 2026
Алматыдағы 2-ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары күзде аяқталады
-
11:44, 8 сәуір 2026
Ақтөбе облысында полицейлер мал ұрлаған көрші облыс тұрғынын ұстады
-
11:27, 8 сәуір 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 8 сәуір
-
11:06, 8 сәуір 2026
SMS арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ Қазақстанда ұсталды





