Мемлекеттік кірістер комитеті желіні шулатқан ақпаратты жоққа шығарды

17:51, 18 қыркүйек 2019

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілер және түрлі мессенджерлер арқылы таратылып жатқан дерекке жоққа шығарды. "1 қазанға дейін салық төленбеген жағдайда, оған өсімпұлмен қоса 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни шамамен 20 000 теңге айыппұл салынады деген өтірік сөз", - дейді олар, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті бұл мәліметтің шындыққа еш жанаспайтындығын ресми түрде хабарлайды. Жеке тұлғалар жер салығы мен мүлік салығын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей бюджетке төлейді. Көлік салығы салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмеуі тиіс", делінген хабарламада.

Онда ҚР Салық кодексінде салық міндеттемесін орындауда әр кешіктірілген күн үшін берешек сомасына қосылатын өсімпұлды есептемегенде ешқандай айыппұлдар белгіленбейтіні атап өтілген.

Сондай-ақ, олар биылғы салық амнистиясына ілінген жеке тұлғалар салық бойынша қарыздың негізгі сомасын төлесе, айыппұл автоматты түрде өндірілетінін еске салады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!