Мемлекет басшысы мен Кения президенті Бірлескен мәлімдеме қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения президенті Уильям Руто Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері келесі құжаттармен алмасты:
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кения Республикасы Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ICT және электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Кения Республикасы Жол және көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасы Туризм және жабайы табиғат министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Самұрық-Қазына" АҚ мен Мемлекеттік тау-кен корпорациясы (NAMICO) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ мен Кения ғарыш агенттігі арасындағы жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін дамыту және ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Найроби халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Сонымен қатар, Кения президентінің мемлекеттік сапары барысында келесі құжаттарға да қол қойылды:
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Кения Республикасының Сыртқы қызмет академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- "Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы" ЖШС мен Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Kazakh Invest" ҰК" АҚ мен Kenya Investment Authority арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен Кения Республикасы Экспортты ілгерілету және брендинг агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Бұған дейін Тоқаев Уильям Рутоға І дәрежелі "Достық" орденін тапсырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 мамыр 2026
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейге баруды жоспарлаған азаматтарға үндеу жасады
-
16:10, 20 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
-
15:55, 20 мамыр 2026
20 мамырдағы саудада доллар бағамы аздап төмендеді
-
15:39, 20 мамыр 2026
Конституциялық сот жеке сот орындаушыларының шығындарына қатысты мәселені қарайды
-
15:11, 20 мамыр 2026
ШҚО-да Жақсылық Омардың үкімі бойынша апелляция қаралды





