Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Кездесуде Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ықпалдастық перспективасы, сондай-ақ ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.
Президент Қазақстан МАГАТЭ-мен ұзақ жылдар бойғы серіктестікті жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Рафаэль Гроссидің жетекшілігімен Ұйым ядролық қауіпсіздікті нығайтуға және атом қуатын бейбіт мақсатта қолдануға үлес қосқанын атап өтті.
"Сіздің 2023 жылы сәуір айында Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз өзара байланыстарды дамытуға тың серпін берді. Ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесіне қатысты ұстанымымыз ұқсас деп ойлаймын. Дегенмен әлемде аса күрделі ахуал қалыптасып отыр. Бұл жаһандық проблеманы шешу жолдарын іздеуде күш біріктіруді талап етеді", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тереңдету туралы 2036 жылға дейінгі жол картасына және ядролық медицина мен ғылымды дамыту саласы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылғанын құптады.
Бас директор Қазақстанның әлемдегі ядролық қауіпсіздікті және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайту бағытындағы іс-қимылына жоғары баға берді
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдегі абырой-беделіне, ядролық қауіпсіздікті, диалог пен көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетуде дәйекті рөл атқарып келе жатқанына тоқталды.
Агенттік жетекшісі елімізді АЭС салу бойынша өткен жалпыхалықтық референдумның нәтижесінде атом энергиясын дамыту бағдарламасының іске асырыла бастауымен құттықтады.
Президент Қазақстанның ядролық қауіпсіздік пен мемлекетаралық сенімді нығайтуға бағытталған жаһандық күш-жігерге қосылуға алдағы уақытта да бейіл екенін мәлімдеді.
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті халықаралық уағдаластық болған жағдайда, еліміз ізгі ниетті көздеп, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселенің шешілуіне атсалысуға дайын екенін тағы да растады.
Рафаэль Гросси Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызы мен рөлін атап өтіп, еліміздің игі бастамасына қолдау білдірді. МАГАТЭ басшысы ықтимал келісімдерді жүзеге асыру үшін Қазақстан саяси беделге, тиісті инфрақұрылым мен ғылыми-техникалық базаға ие екенін жеткізді.
Сонымен қатар Президент БҰҰ Бас хатшысы лауазымына үміткер Рафаэль Гроссиге сәттілік тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Рафаэль Гроссиді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:42, 26 мамыр 2026
Қазақстанда 1-сыныпқа өтініш қабылдау жаңа платформада жүзеге асырылмақ
-
17:29, 26 мамыр 2026
Қазақстанда екі жоғары оқу орыны лицензиясынан айырылуы ықтимал
-
17:16, 26 мамыр 2026
Елімізде мұғалімдердің өз оқушыларына ақылы түрде қосымша сабақ беруіне тыйым салынуы мүмкін
-
16:55, 26 мамыр 2026
Кафе, кино немесе серуен: Алматыда романтикалық кездесуге қанша қаржы кетеді
-
16:43, 26 мамыр 2026
Үрлемелі шеңбер құтқармайды: Астанада құтқарушылар жағажайдағы қауіпсіздік туралы ескертуде





