Қазақстанда 1-сыныпқа өтініш қабылдау жаңа платформада жүзеге асырылмақ
© Сурет: primeminister.kz
2026 жылы 1-сыныпқа өтініш қабылдау OQU Ұлттық білім беру платформасы арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа платформада пайдаланушылар өтініш беріп, мектепті таңдап, қызмет көрсету үдерісін қадағалай алатыны белгілі.
Азаматтарға қолайлы болу үшін сервис eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасының басты беттеріне де орналасқан.
Қызметті алу үшін пайдаланушы oqu.edu.kz платформасына өтіп, бейненұсқаулыққа сәйкес eGov порталы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы авторизациядан өтуі қажет.
Өтініштерді қабылдау ел өңірлері бойынша кезең-кезеңімен 27 мамырдан басталып, 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады:
- 27 мамыр – 31 тамыз: Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы;
- 10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы;
- 18 маусым – 31 тамыз: Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы;
- 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі мектептегі кейбір оқулықтар жаңартылатынын айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:01, 26 мамыр 2026
Саясат Нұрбек ҰБТ форматын қайта қарастыруға не түрткі екенін айтты
-
18:42, 26 мамыр 2026
Мектеп бітіру кештерін мейрамхана мен дәмханаларда тойлағандарды қандай жаза күтіп тұр
-
18:37, 26 мамыр 2026
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тоғыз медаль жеңіп алды
-
18:22, 26 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Чжао Лэцзиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
-
18:12, 26 мамыр 2026
Мемлекет басшысы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасын қабылдады





