26 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

18:01, 25 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Синоптиктер 2026 жылғы 26 мамыр, сейсенбідеші Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы елдің шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық өңірлерінде ғана күтіледі.

Сондай-ақ болжамға сәйкес, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -2°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін.

"Солтүстік-батыс циклонының жырасы мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді, күндіз батыс пен шығыста шаңды дауыл, солтүстікте және оңтүстік-батыста дауыл күтіледі. Түнгі уақытта батыста, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан бөлек, бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады:

  • жоғары өрт қаупі – Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және орталығында, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының батысы мен шығысында, Қызылорда облысының батысы мен орталығында, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда және Қарағанды облыстарының оңтүстігі мен солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының орталығы мен солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының шығысында, сондай-ақ Жетісу, Абай облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!