Мемлекет басшысы қоқыс жинап жүрген үш жасар бүлдіршіннің желіде тараған бейнесін көріп, алғыс хат жолдады
© Сурет: Атырау облысы әкімдігі
3 жасар бүлдіршіннің Атыраудағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы әлеуметтік желіде кең тарап, тіпті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін де жетті. Бұл ретте, бүлдіршін президенттен алғыс алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыс әкімі 2025 жылғы 10 сәуірде үш жасар Дінмұхаммед Жұмажанмен және оның ата-анасымен жүздесті. Серік Шәпкенов Дінмұхаммедтің тәрбиесі мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіне риза болып, рахметін айтты. Ол сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебайдың Мемлекет басшысы атынан жолданған хатын табыстады.
"Кейде көп сөздің орнына бір ғана істің өзі жетіп жатады. Дінмұхаммед кішкентай ғана ойын баласы болса да, оның әрекеті көпке ой салды. Әлбетте, ол мұны бөгде біреуден көріп емес, өзінің отбасында тазалық пен тәртіптің мәнін түсініп өсіп келе жатқандықтан жасады",- деді Шәпкенов.
Дінмұхаммедтің әкесі Ержан Хайрошевтің айтуынша, тұрғындардың бірі ұлын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
"Біз өзіміздің ықшамауданда Ораза айт мейрамын кең көлемде тойладық. Ұлымыздың әрекеті бүкіл елдің ықыласына бөленеді деп ойламадық. Оның тілі кеш шықты, сосын балабақшаға бердік. Сол жақтан үйренгені де бар шығар. Өз отбасымызда да тазалыққа мән береміз, сенбіліктерден қалмаймыз. Мен өз ұлымның елдің патриоты боп ер жеткенін қалаймын", – дейді Е. Хайрошев.
Кейін облыс әкімі Дінмұхаммедке ескерткіш сыйлықтар тапсырып, ата-анасына алғыс айтты.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Бұған дейін елімізде Ислам даму банкінің қолдауымен жаңа су қоймалары салынатындығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады





