Аяздан бастап +28°С-қа дейін: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт құбылады: алдымен ел аумағында аяз бен қар жаууы күтілсе, кейін ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, кей өңірлерде жазға жақын +28°С-қа дейін жетеді.
Бұл туралы 2026 жылғы 18–20 сәуірге арналған ауа райы болжамында "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, Скандинавия антициклонының жотасы еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, бірақ салыстырмалы түрде салқын ауа райын сақтайды. Алайда ауа массаларының алмасуына байланысты температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.
"Елдің батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр мен найзағай күтіледі, оңтүстік өңірлердің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, жел күшейеді. Республика бойынша түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі мүмкін", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Метеорологтардың мәліметінше, күндіз ауа температурасы мынадай деңгейге дейін көтеріледі:
- батыс, солтүстік және орталық өңірлерде – +15…+23°С,
- шығыста – +10…+18°С,
- оңтүстік және оңтүстік-шығыста – +17…+28°С.
2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы ақпаратты мына жерден білуге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:32, 17 сәуір 2026
Жетісу облысында жалған нөмір таққан жүргізушінің әрекетіне тосқауыл қойылды
-
12:13, 17 сәуір 2026
Абай облысында мас электровелосипед жүргізушісі ұсталды
-
11:58, 17 сәуір 2026
Қазақстанға 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген күдікті жеткізілді
-
11:42, 17 сәуір 2026
Алматыда 20 сәуірден бастап жылу желілерін гидравликалық сынау басталады
-
11:25, 17 сәуір 2026
Маңғыстау облысында құм көшкінін тоқтату жұмыстары қарқын алды





