Медициналық сақтандыру қоры комиссиялық мөлшерлемені түзетті
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрығымен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақысының 2024 жылға арналған пайыздық мөлшерлемесіне ҚР Үкіметі белгілеген шекті мөлшер шегінде өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылға арналған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері Қор қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең жоғары сома шегінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кіріс сомасынан 1,32 пайыз мөлшерінде Қордың есепті айдағы шотынан белгіленсін", — делінген құжатта.
Бұған дейін қордың комиссиялық сыйақысы 1,18 пайызды құраған.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:26, 13 қараша 2025
Қазақстанда ЖРВИ: 1 млн 278 мың адам ауырған
-
10:19, 13 қараша 2025
Биыл елде қыс жылы болады – Қазгидромет
-
10:08, 13 қараша 2025
Атырауда полицейлер интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты
-
09:54, 13 қараша 2025
Түркістан облысында ұландық сарбаз телефондарды колонияға кіргізу әрекетінің жолын кесті
-
09:46, 13 қараша 2025
МӘМС жүйесіне кірмейтіндерге қандай аурулар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі





