Мәдениет және ақпарат министрлігі Мұрат Әуезовтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты
© Сурет: postfactum.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мұрат Мұхтарұлы еліміздің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға еді. Ол Қазақстанның Қытайдағы елшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры, Мұхтар Әуезов қорының президенті қызметтерін атқарды". Мәдениет және ақпарат министрлігі
Көркем әдебиет теориясы мен практикасы туралы 200-ден астам еңбек жазып, жемісті жұмыс істеді.
"Ол саналы ғұмырын өз еліне, ұлт руханиятының кемелденуіне арнаған абзал азамат еді. Мұрат Мұхтарұлының өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі жадымызда әрдайым сақталады. Ал оның еңбектері болашақ ұрпаққа мәңгі қызмет ете берері анық. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!"Мәдениет және ақпарат министрлігі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 16 наурыз 2026
Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды
-
22:26, 16 наурыз 2026
Екібастұз тұрғыны марихуана сақтағаны үшін жазаланды
-
21:45, 16 наурыз 2026
Алматыда 11 мың домбырашы бір мезетте күй орындамақ
-
21:10, 16 наурыз 2026
17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:32, 16 наурыз 2026
Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті





