Мәдениет туралы заңға фонограмамен ән салуға шектеу қоятын өзгеріс енгізіліп жатыр

11:11, 18 шілде 2019

Қазақстанда әншілердің фонограмамен ән салуына шектеу қоятын заң жуық арада қолданысқа енгізілуі мүмкін. Витебскіден жеңіспен оралған Әділхан Макинді қабылдаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Мәдениет туралы" заңға осындай өзгерістер енгізіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды 31 телеарна.

Бұл ұсынысты қоғамда бірқатар өнер жанашары көтеріп, ол көптің қолдауына ие болған еді. Дегенмен ол заңда көрініс табады делінгенімен, әлі нақты шешім қабылданбай келеді.

Мәдениет министрі Димаштың ізімен халықаралық байқауларда жүлде алып жүрген жастарымыз жанды дауыста ән салу мәселесінің өзектілігін көрсетіп отырғанын айтады.

- Министрліктің ұстанымы - өнер таза болуы керек. Эстрадада әншілер жанды дауыспен ән салуы тиіс, - деді өз сөзінде министр Ақтоты Райымқұлова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!