Машина жасаушылар форумында қорғаныс техникасын жасау бағытына ерекше мән берілді

20:27, 20 қыркүйек 2017

«Қазақстанның жаңа индустрияландыруы: жоғары технологиялық машина жасау». Астанада осы тақырыпта машина жасаушылардың бесінші форумы өтті. Оның жұмысына күштік құрылым, отандық және шетелдік машина жасау компанияларының өкілдері қатысты. 

Жиында қорғаныс техникасын жасау бағыты басты назарға алынды. Салада бұған дейін бірқатар жоба іске асырылған. Мәселен, EC145 тікұшағын құрастыру және техникалық қызмет көрсету жолға қойылды. Сосын броньдалған дөңгелекті көлік құралдарын өндіру зауыты салынып, вагон, жүк автомобильдері, авиация және арнайы техниканы жөндеу ісі қолға алынды. Кейбір өндіріс ошақтары жаңғыртылып жатыр. Тізімде Семейдегі машина жасау зауыты да бар. 

Нұрлан Омаров, «Семей машина жасау зауыты» АҚ бас директоры:

-Елбасы айтып отыр. Жаңарту керек, модернизация жасау керек, жаңа технологиялар кіргізу керек деп. Сол себепті біз қозғала бастадық. Бірнеше жаңа білдегтер алып, 600 миллион немесе 1 миллиард теңгеге келісімдер жасасып, техника аламыз. Жаңа технологиясыз біз әрі қарай дами алмаймыз. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!