Мас адам мүгедектер арбасымен 50 км/сағ жылдамдықпен жүріп, полицияға ұсталды

09:38, 11 қыркүйек 2026
MKZ: 1566270

© Сурет: pexels

Германияның Потсдам қаласында полиция түнде қала орталығында электрлі мүгедектер арбасымен сағатына 50 шақырымнан астам жылдамдықпен жүрген 43 жастағы ер адамды тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.ru" басылымы жазғандай, оқиға түнгі сағат төрттер шамасында Брайтенштрассе көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, арбадағы ер адам патрульдік көлікті басып озған.

Тексеру барысында электрлі арбаның ресми түрде сағатына 20 шақырымнан аспайтын жылдамдыққа есептелгені анықталды. Көлік техникалық сараптама жүргізу үшін тәркіленді. Құқық қорғау органдары арбаға қандай да бір өзгеріс енгізілген-енгізілмегенін және оны басқару үшін В санатындағы жүргізуші куәлігі қажет пе деген мәселені анықтап жатыр.

Ер адам мұндай жүргізуші куәлігін көрсете алмаған. Сонымен қатар алкотестер оның мас күйде болғанын көрсетті. Ер адам медициналық куәландырудан өтуге жіберілді.

Бұған дейін Қазақстанда инватакси арқылы тасымалдауғаарналған медициналық көрсетілімдер тізімі бекітілгені белгілі болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!