Маңғыстаулық ағайындылар жүк көлігінің жаңа түрін ойлап тапты

23:03, 1 ақпан 2021
389

Маңғыстаулық ағайындылар ерекше жүк көлігін ойлап тапты. Техника ұзын ағаш, құбыр мен контейнерлерді емін-еркін тасуға қауқарлы. Тың туындының авторлары алып, ауыр затты діттеген жерге апаратын көлікті кәдімгі "Газельден"құрастырыпты. Алайда қолынан іс келетін бауырлар жүк көлігінің рахатан бүгінде көре алмай отыр. Неге?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл 12 метрлі көлік кәдімгі, сіз күнделікті көріп жүрген "Газель" Иә, Қазақстанда аталмыш маркалы осындай алғашқы ұзын жүк көлігі. Жалғыз дана техниканы маңғыстаулық ағайынды Бүркітәлиевтер құрастырған. Дәлірек айтсақ, ескі "Газельді" қайта жабдықтаған. Газбен қозғалатын техниканы өзгешелеуге 3 ай уақыт кетіпті. Ол ұзын ағаш, құбыр мен контейнерлерді емін-еркін тасуға қауқарлы.

Бахтияр Бүркітәлиев, көлік құрастырушы:

Біз лабораториядан эспертизаның бәрін заңды деп келді. Тексерді. Бізге өте керемет, заңды деп, қолдаймыз деп айтқан. Бізде хаты, қағазы бар. Осы "газелді" шығарған себебіміз Ресейде де шығарған, дәл осындай 12 метр. Қазір 40 тонналық теңіз контейнерін сүйреп жүр. Неге біздің Қазақстанда шығармасқа деп шығарғанбыз.

Иә, сараптама бәрі жақсы, су жаңа туынды қоршаған ортаға, жолдағы өзге жолаушыларға кедергі болмай деген сыңай танытқан. Оның үстіне, Ресейде осы көліктің баламасы теңіз контейнерін тартып жүрген соң, шебер бауырлар біздің елде де болады деп ойлапты. Сөйтіп, қайта жабдықтауға 8 миллион жұмсаған.

Бахтияр Бүркітәлиев, көлік құрастырушы:

Бір дана шығарғаннан кейін асықпай шығардық. Бұған 8 миллион теңге ақша шығардық. Бұның прицебі заңды. Оснавание алдық. Прицепті созып жасадық. Удлинение жасадық. Бұл переоборудование деп аталады. Мұны местный полициядан сұрағанбыз, бұған рұқсат жоқ деді. Басы 3,5 тоннадан аспайды, сәйкес келмейді деп хат жолдапты.

Біз жергілікті полицияға да хабарластық. Олар бізге былай деді.

Тілекберген Селбаев, облыстық ПД Жол техникалық инспекция бөлімінің бастығы:

ҚР автокөлік туралы заңының 10-ші бөлімімен жалпы ережелері мен талаптары бұзылған, яғни прицеп 287 үлгісіндегі система тіркемесін қайта жабдықтау тек қана 3,5 мың килограмм асатын жүкі көліктеріне қолданылады. Осыған байланысты жеңіл автокөліктің қолдан жасалған тіркеменің өнеркәсіптік конструктивтік аналогы болмауына байланысты прицеп 4/2 817 үлгісіндегі система тіркеуін және жол жүруге рұқсат берілмейді.

Көлік иелері бұл шешім тоқтатпайды. Олар техинканы ел заңына сай жасап, пайдасын көрмекші.

Бахтияр Бүркітәлиев, көлік құрастырушы:

Енді амал жоқ, бұның хотя бы жарты ақшасын қайтаруға тырысамыз. Басқаша құрастырамыз. Заңға сәйкес етіп. Ендігі шығарар себебіміз халыққа тиімді болсын дегеніміз. Көп көлемдегі жүктер, мысалы, пенопласт дейді, көп көлем алады, апару үшін қымбат. Сол кезде арзанға апара алады.

Айтпақшы, жүк көлігі иелеріне оны сату туралы 5 адам хабарласыпты. Барлығы да 10 миллион теңгеден кем баға ұсынбаған. Алайда, қос шебер құжаты мен жүруге рұқсат жоқ көлікті өзгеге сата алмай отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір