Маңғыстауда көлік жыраға түсіп кетті

09:23, 16 наурыз 2026

© Сурет: бейнежазба скриншоты

Маңғыстау облысы Таушық ауылының маңында 2026 жылдың 14 наурызында жол апаты болып, автокөлік жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған, нәтижесінде көлік аударылып, жыраға түскен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Оқиға бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 – бабы (Көлік құралына зақым келтірген жол ережесін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыда мас күйдегі жүргізуші жол апатына себеп болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!