Маңғыстауда алғаш рет зәр шығару жолына лапароскопиялық операция жасалды

23:47, 14 қаңтар 2017

Маңғыстау өңірінің тарихында алғаш рет ағзаның зәр шығару жолына лапароскопиялық операция жасалды. 

Бұған дейін бүйректегі тасты алу үшін денеге ұзындығы 20 сантиметрлік тілік жасалатын. Ол науқастың тез сауығуына кедергі келтіретін. 

Ал лапароскопия әдісі бойынша науқас келесі күні-ақ аяғына тік тұрып, бірер аптада құлан таза айығып кетеді. 

Облыстық ауруханадағы урология бөлімшесі жыл басынан бері 10 адамға емдік шаралар көрсетіпті.

Жалпы жаңа технология көмегімен денеге тілік түсіретін операциялар саны 15 пайызға азайған.

Мұхамеджан Нұрғазиев, облыстық аурухана директорының орынбасары

-Осы жылы лапароскопиялық әдіспен жасалатын операциялар санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Тек қана несеп жолдарына байланысты емес, хирургиялық оталардың да санын көбейткіміз келіп отыр және операциялардың барлығы да Маңғыстау тұрғындарына тегін көрсетіледі. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!