Маңғыстау облысында ҰҚТ жүзедеген тонна мұнайды ұрлады
Маңғыстау облысында "Қазтрансойл" АҚ мұнай құбыры мен тіркелмеген ұңғымалардан мұнай ұрлау жүйесін қалыптастырған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz жергілікті "Тумба" баспасына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда кем дегенде күдікті он адамның аты аталып отыр.
Арнайы операцияны 11-ақпан күні Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД мен МКД ЭТҚ қызметкерлері жүргізген. Күштік құрылымдар қылмыстық топтың мүшлерін, сондай ақ шетелге жөнелтуге дайын тұрған мұнай тиелген темір жол цистерналары ұстады. Және цистерналы тіркемелері бар жүк көліктері тәркіленген.
Жүргізілген кешенді жедел іздестіру шаралары шикізатты ұрлауда қолданылған қылмыстық жүйені әшкерелеуге мүмкіндік берді. ҰҚТ мүшелері "Қазтрансойл" АҚ мұнай құбырларын тесу арқылы ұзақ уақыт бойы мұнай ұрлаумен айналысқан. Салдарынан жүздеген тонна мұнай қолды болған.
Ұрланған қара алтын жалған құжаттар арқылы жақын шет елдерге жөнелтіліп келген. Бұдан бөлек, мұнай құбырларының физикалық және қолданыс сипаттары бұзылған. Оларды қайта қалпына келтіру үшін ондаған миллион қаражат қажет.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188 "Ұрлық" бабы және ҚР ҚК 197 "Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, алу, өткізу, сақтау, сонымен қатар мұнайдың шығу негізін дәлелдейтін құжаттарсыз өңдеу" бабы бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр.
Мамандардың айтуынша, егер күштік құрылымдардың дер кезінде жасаған әрекеттері болмағанда, қылмыстық топтың оңай олжаға деген ниеттері технологиялық апатқа әкеп соқтырары сөзсіз.
- Қазіргі таңда жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр, солардың нәтижесінде іс материалдары сотқа жөнелтілетін болады, - деді дереккөз.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады