Маңғыстау облысында бауырымен жорғалаушы жануардың қаңқасының қалдықтары табылды

16:59, 3 тамыз 2020

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы теңіз мүйісінде бауырымен жорғалаушы жануардың қаңқасының қалдықтары табылды, хабарлайды "Хабар 24".

Әлгі жерді ақтаулық әуесқой-палеонтолог Владимир Ярцев біраз уақыттан бері зерттеп жүр. Оның айтуынша, кездейсоқ кезіктірген қаңқа бұдан 100 млн жыл бұрын өмір сүрген теңіз хайуанына тиесілі болуы мүмкін.

"Сүйек қалдықтары қатқыл топыраққа бірігіп кетуімен ажыратып алудың сәті түскен жоқ. Қызығушылық танытқан адам болса, әлгі жерді көрсетуге дайынмын", - дейді ол.

Айта кетейік, әлгі дата тарихта Бор дәуірі деп те айтылады. Бұл кезеңде ихтиозавр, плезиозавр, плиозавр секілді бауырымен жорғалушылар өмір сүрген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!