Мамин министрлік пен әкімдіктерге эпидахуалды тұрақтандыруды тапсырды

10:27, 12 сәуір 2021

© Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин министрліктер мен әкімдіктерге коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Пандемияға қатысты жағдай қиындап бара жатқанын көріп отырмыз. Сегіз өңір "қызыл" аймақта. Ауруханадағы төсек-орындардың 41% бос емес, жан сақтау бөліміндегі орындардың 27% қамтылған. Вирустың репродуктивті индексі 1,15% құрайды. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер төсек-орын қорының толық дайындығын қамтамасыз етуі керек. Барлық мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы тиіс, - деді Асқар Мамин үкімет отырысында.

Премьер-министр әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Барлық медициналық мекемелер қажетті көлемдегі дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуі керек. Өңірлерде санитарлық нормалар мен маска режимінің сақталуын күшейту қажет.

Вакцинация күнтізбесін қатаң сақтау қажет. Жоспар бойынша бізде сәуір айында 2 миллион адам вакцинациядан өтуі керек. Сондықтан мен Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге қоғамдық орындарды, оның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакцинаның қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді ол.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігіне Ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, вакцинацияның маңыздылығы туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!