Мамандар шұжық өнімі мен балаларға арналған құс еті езбесінің техрегламентке сәйкестігін тексеріп көрді
© Сурет: pxhere
Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз сарапшылар мемлекеттік жоба аясында екі тамақ өніміне зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК мамандары бірінші болып кешенді зерттеу жүргізген "В" санатындағы қайнатылған шұжығы, "Сиыр етімен" шұжықшалары (өндіруші "ОМПК" АҚ, РФ) болды. Ақтөбе облысындағы дүкендердің бірінен салмағы 1 келі болатын шұжықша сатылып алынды.
Сарапшылар өнімнің Кеден одағының "Тағам өнімдерінің таңбаламасынақатысты" 022/2011 және "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізді.
2024 жылдың 4 қарашасындағы №1091/502 азық-түлік өнімдерін зерттеу хаттамасында өнімнің заттаңбасында атауы, құрамы, сақтау шарттары, өндірушінің орналасқан жері, тағамдық құндылығы, сондай-ақ Бірыңғай ЕАС айналым белгісі көрсетіліп, ақпарттар мемлекеттік және орыс тілдерінде берілгені атап өтілді. Бірақ көлемі, шығарылған күні және жарамдылық мерзімі сияқты өлшемдер тек орыс тілінде берілген. Бұл ретте, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабына сәйкес, тек бір немесе шет тілінде берілген ақпарат – берілмеген деп есептеледі.
"ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексіне сәйкес, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ гигиеналық нормалар мен техникалық регламенттер талаптарын бұзғаны үшін, сонымен қатар, техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығарғаны үшін және тауардың шығарылған елі туралы, өндіруші, жеткізуші немесе сатушы туралы немесе өнім туралы қазақ және орыс тілдеріндегі сенімді де жеткілікті ақпаратттары жоқ құжаттарсыз өткiзгенi үшiн де жауапкершілік қарастырылған", – деп атап өтті "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биятан.
Сурет: Жанна Биятан
Ал сол ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормалар мен техникалық регламенттерді бұзғаны үшін, адам денсаулығына зиян келтірілмеген жағдайда, жаза көзделген. Бұл бапта кәсіпкерлік субъектісіне қарай 30-дан 1600 АЕК-ке дейінгі аралықта айыппұл қарастырылған.
Мамандар өнімнің молекулалық-генетикалық сараптамасын да жүргізді. 2024 жылдың 5 қарашасындағы №1091/738 хаттамасына сәйкес, сынамада ГМО анықталған жоқ.
Кешенді зерттеуге кезекке тұрған келесі өнім – ресейлік өндіруші "Вимм-Билль-Данн" ААҚ-ның "Агуша" сауда белгісіндегі гомогенизацияланған, стерильденген консервіленген құс еті "Пюре из цыпленка" болды. Ақтөбедегі супермаркеттен әрқайсысы 80 грамдық алты құты балалар тағамы сатылып алынды. Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалында өнімнің Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 және "Тамақ өнімдерінің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламенттеріне сапасы мен қауіпсіздігіне сәйкестігі тексерілді.
"2024 жылдың 15 шілдесіндегі РО-24-10495 № 767 тамақ өнімдерінің үлгілеріне сараптама жүргізу хаттамасында тамақ өнімдерінің құрамы, азық-түлік өнімдерінің саны, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, атауы туралы, өндірушінің орналасқан жері, пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері көрсетілген. ЕАС Бірыңғай айналым белгісі қолданылған. Алайда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбаламалар сәйкес келмейді. Үлгілерден мышьяк пен сынап табылған жоқ. Жалпы алғанда, өндіруші қаптамада "Балалар тағамы" деген жазуды көрсетуі керек, ал шрифт өлшемі негізгіден кем болмауы тиіс. Егер көкірек сүтін алмастыратын заттар қолданылса, көкірек сүтінің пайдасы туралы ақпарат қоса берілуі қажет", – дейді сарапшы Жанна Биятан.
Сурет: Жанна Биятан
Сондай-ақ, балалар тағамының үлгілерінен қорғасын мен кадмий табылмады (2024 жылдың 15 шілдесіндегі РО-24-10509 № 251 тағам сынамаларын сынау хаттамасы).
Пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің, судың, топырақтың және ауаның үлгілерін зерттеуге арналған келесі (жоғары технологиялық ғылыми-зерттеу зертханасы) 2024 жылдың 15 шілдесіндегі № 130 РО-24-10509 хаттама пестицидтердің қалдық мөлшері, пестицидтердің, минералды тыңайтқыштардың физика-химиялық құрамын зерттеді. Сарапшылар заңбұзушылықтарды анықтаған жоқ.
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.
ҚР МСИ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдері анықталуда.
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуыңызға болады, байланыс телефондары ҚР МСИ сайтында (Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Сенім телефоны : 8 (7132) 548 126 ).
Осыған ұқсас сұрақтарыңыз болса, 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:56, 14 қараша 2024
Қазақстандық тұтынушылар құқықтарын қорғау: қаптамада көбіне қандай ақпарат қамтылмайды
-
23:44, 14 қараша 2024
Әрбір тұтынушыға қамқорлықпен: Қазақстандағы сүт өнімдерінің қауіпсіздігі қалай тексеріледі
-
23:39, 14 қараша 2024
Сөрелердегі қауіпсіз тәттілер: қазақстандық тұтынушылар нені білуі керек
-
23:22, 14 қараша 2024
Дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдері: сапа мен қауіпсіздік туралы не білу керек
-
23:03, 14 қараша 2024
Мамандар тамақ өнімі таңбаламасын қалай айырып, денсаулығыңызды қалай қорғауға болатынын айтты