Бишімбаевтың түрмедегі суреті неге жоқ - Марат Қожаев «бұл хайуанаттар бағы емес»
© Фото: Telegram/Jogargy_sot
Сенатор Марат Қожаев 2024 жылғы 14 қарашада түрме әкімшілігі Бишімбаевтың қашып кеткені жайлы қауесет аясында, неліктен оның суретін жарияламай жатқандығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сенат депутаты бұл азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты екенін айтты.
"Тіпті жазасын өтеп жатқан азаматтың да азаматтық құқығы бар. Егер ол өзін көрсеткісі келмесе, біз оны мәжбүрлей алмаймыз. Қатты айтсам ренжімеңіздер, бұл хайуанаттар бағы емес. Шенеуніктерге сену керек, ол Степногорск қаласындағы ең жоғары қауіпсіздік колониясында"- деді Марат Қожаев.
Ол бұл жерде ешқандай құпия жоқ екенін және бәрі үкіммен байланысты екенін атап өтті.
"Колониялар минималды, орташа және максималды қауіпсіздікке бөлінеді. Ол ең жоғары қауіпсіздіктегі колонияда. Астанадан алыс емес жерде мұндай түрме тек Степногорскіде бар, сол жерде ол жазасын өтеп жатыр.(...) Ақпарат тексерілді, ол жазасын сол жерде өтеуде",- деп толықтырды депутат.
Айта кетсек, Астанада 2023 жылдың соңында азаматтық жұбайы қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованы өлімі бойынша сот процесі 2024 жылы 13 мамырда аяқталды. Сот Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевты жұбайын азаптау және өлтіру бабы бойынша кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:41, 23 маусым 2026
Тоқаев «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде не айтты
-
22:01, 23 маусым 2026
Маунтинбайктан Азия чемпионаты-2026: ел намысын кімдер қорғайды
-
21:45, 23 маусым 2026
Түркістан облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан қуылды
-
21:05, 23 маусым 2026
Тоқае ЕО-мен 12 млрд доллардан астам көлемдегі келісімдер жасалғанын мәлімдеді
-
20:47, 23 маусым 2026
24 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





