87 адамды 337 млн теңгеге алдап кеткен түркістандық түрмеге тоғытылды
© Фото: freepik
Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының “Киберпол” арнайы тобының қызметкерлері облыс аумағында интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 34 жасар ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, аталмыш күдікті жәбірленушілерге ақша қаражаттарыңызды көбейтіп беремін деп сенімдеріне кіріп, онлайн-несие рәсімдеген.
"Алаяқтық жолмен тапқан қаражатты жеке басының пайдасына жаратқан. Тексеру кезінде күдіктінің жалпы 87 жайтқа қатыстылығы дәлелденді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 337 миллион теңгеден асты. Күдікті қамауға алынды",- делінген ведомство ақпаратында.
Сонымен қатар интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 22 жасар жас жігіт анықталды. Оны облыс полицейлері Алматы қаласынан ұстады.
Күдікті әлеуметтік желіде жиһаз құрастыру бойынша жалған парақшалар ашып, жәбірленушілердің тапсырысын қабылдап, ақшаларын иемденіп отырғаны белгілі болды. Күдіктінің Түркістан облысы көлемінде 4 қылмыстық іске, ал республика бойынша 18 іске қатыстылығы анықталып отыр. Тергеу жалғасуда.
"Айта кетсек, бұл қылмыстар "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші тәулігінде анықталды. Жалпы іс-шараның алғашқы тәулігінде Түркістан облысының полицейлері жоғарыдағы қылмыстардан бөлек, бұрын тіркелген 5 қылмысты ашты. 18 дана контрафактілік өнімдер тәркіленді",- деп мәлімдеді ІІМ.
Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықтың Антальядан табылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі





