Мамандар демалыс маусымында инфекциялардан қалай қорғану керектігін айтты
© Сурет: pixabay
"Роспотребнадзорда" инфекцияның ошақтары мен оның неден жұғатындығы айтылды. Сондай-ақ, мамандар инфекцияны жұқтырып алмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, көбінесе жұқпалы және паразиттік аурулар келесі өнімдер мен жағдайларда жұғады:
- шикі су;
- аз өңделген тағамдар;
- қан соратын жәндіктер;
- науқас адаммен байланыста болған кезде.
Демалысты жоспарлау кезінде оны өткізуді жоспарлап отырған елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтерді алдын ала нақтылаңыз.
Экваторлық-тропикалық климаты бар елдерде масалар тарататын жұқпалы аурулар кең таралған.
Алдын алу мақсатында:
- репелленттер мен масалардан қорғайтын торларды қолданыңыз;
- денені мүмкіндігінше жабатын ашық түсті киім киіңіз;
- бөлмелерді желдету үшін кондиционерді пайдаланыңыз.
Сапарды жоспарлау кезінде вакцинация қажет болатын елдердің тізімін қараңыз. Айта кетейік, Еуропа елдеріне бару үшін, ең алдымен, қызылшаға, дифтерияға, полиомиелитке қарсы екпе алу керек.
Сондай-ақ, ведомство инфекцияны болдырмау үшін жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі





