«Мақпал Жүнісова күйеуге тиді». Желідегі видеоға қатысты әнші реніш білдіріп, мәлімдеме жасады

09:40, 27 қазан 2024

© Сурет: ticketon.kz

Тик-токта алдымен әншіге қатысты видео тараған. Көліктен түсіп жатқан Мақпал Жүнісованы ер адам гүлмен күтіп алып, оны қолтықтап алып жүреді. Видео сипаттамасында "Мақпал Жүнісова күйеуге тиді" делінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы мәліметті жоққа шығарып, әнші Instagram-дағы парақшасында видео үндеу жолдады. Ол желіде жалған ақпарат таратқандарды жазалауға дейін баратынын айтады.

" ... Мында отырған жігіттер ме, қыздар ма, кімдерсіңдер? "Мені күйеуге шықты, ойбай" деп салып жатыр екенсіңдер ғой. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймын деп бізді қалай болса солай ойыншық қылдыңдар ғой әбден. Ойларыңа келгендеріңді саласыңдар. Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын. Адам жалдап тұрып, соттатып, ақшаларыңды, бәрін алып кетемін. Түсіндіңдер ме? Ешқандай да күйеуге шыққан жоқпын. Ол - концерттің режиссері, мені гүлмен қарсы алған. Ал жаза беріңдер, быт-шытттарыңды шығарамын", - дейді әнші ренжіп.

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!