Латынға көшу әлемдік мәдениетпен ұштасу үшін өте маңызды - Елбасы

12:27, 24 қыркүйек 2019

Еуразия елдері парламент спикерлерінің IV-кеңесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Хабар 24.

"Әлемде болып жатқан жағдайларға Қазақстан этникалық келісім мен толеранттық үлгісі ретінде нәтижелі өнеге көрсете алады. Қазақ тілінің латынға кезең-кезеңімен ауысуы әлемдік мәдениетпен ұштасуы үшін өте маңызды. Мыңдаған жастарымыз 1993 жылы жарияланған "Болашақ" бағдарламасы бойынша әлем университеттерінде мемлекет есебінен білім алды. Ендігіде он мыңдаған дайын маман елге оралып, жұмыс істеп жатыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ ол әлемдік деңгейдегі танымал оқу орындарының құрылуын атап өтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!