Қызылордада күріштен рекодтық өнім алынуда

12:47, 16 қыркүйек 2024

© Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақтағы ірі шаруашылықтар күріштің әр гектарынан орташа есеппен 90 центнерге жуық өнім алуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда Жалағаш ауданындағы "Ер-Әлі" шаруа қожалығы 3500 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен. Оның ішінде 1300 гектарға күріш егіп, бүгінде әр гектарынан орташа есеппен 89 центнерден өнім алынуда.

Сондай-ақ, салада ұзақ жылдық тәжірибесі бар "Таң ЛТД" ЖШС биыл 3000 гектар жерге егін еккен. Оның ішінде 1500 гектарға күріш дақылы орналастырса, оның әр гектарынан орташа есеппен 85 центнерден өнім алуда. Басым бөлігі шетелдік жаңа каурис сорты және лидер, альянс сорттары жерсіндірілген. Бұдан бөлек, 80 гектарға қант құмайы, 800 гектарға жоңышқа, 150 гектарға түйежоңышқа дақылдары егілді.

Аймақтағы ірі шаруашылықтар күріштің әр гектарынан орташа есеппен 90 центнерге жуық өнім алуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2024 12:47

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы облыс бойынша 189 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 85,6 мың гектарды құрайды.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылы диханшы қауымға су қажетті деңгейде жеткізілді. Шаруашылық құрылымдары егілген ауылшаруашылығы дақылдарына күтіп — баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізді.

Аймақтағы ірі шаруашылықтар күріштің әр гектарынан орташа есеппен 90 центнерге жуық өнім алуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2024 12:47

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникалармен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген.

Бүгінде егілген 85,6 мың гектар күріштің 27,7 мың гектары орылып, 19,2 мың гектары бастырылды. Тиісінше, егілген әр гектардан орташа есеппен 49,6 центнерден өнім алынуда.

Қазіргі таңда облыста егілген егін жинау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Аймақтағы ірі шаруашылықтар күріштің әр гектарынан орташа есеппен 90 центнерге жуық өнім алуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2024 12:47

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Таң ЛТД" ЖШС Қытайлық компаниямен бірлесіп тамшылатып суару әдісімен 3000 гектар жерге жүгері егу жобасын іске асыруда. Қазіргі таңда 800 гектарға жүгері дақылы тамшылатып суару әдісімен жүгері дақылы егілді.

Аймақтағы ірі шаруашылықтар күріштің әр гектарынан орташа есеппен 90 центнерге жуық өнім алуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2024 12:47

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бұдан бөлек, "Ер-Әлі" шаруа қожалығында тамшылатып суару әдісімен 6 гектар жерге қарқынды алма бағын орналастырған. Бүгінде 5000 түп "Голден Делишес", 5000 түп "Джонатан", 2650 түп "Ренет Семиренко" ағаш сорттары отырғызылып, күтімге алынған.

Қазіргі таңда егін жинау жұмыстары жалғасуда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!