Мұхтар Шахановпен қоштасу және жерлеу рәсімдері қашан және қайда өтеді
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан Жазушылар одағы қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінің қашан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған мәліметке сәйкес, Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі 2026 жылғы 21 сәуір, сейсенбі күні сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Сол күні сағат 11:30-да жерлеу рәсімі ұйымдастырылады. Ақын Кеңсай-2 зиратына жерленеді. Сағат 13:00-де ас беріледі.
Ақын Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде 84 жасына қараған шағында дүние салды. 20 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:38, 20 сәуір 2026
Семейде кәмелетке толмаған қыздарға әдепсіз мінез көрсеткен ер адам анықталды
-
18:21, 20 сәуір 2026
Алматыдағы Сайран көліне су жинала бастады – фоторепортаж
-
18:07, 20 сәуір 2026
Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді
-
17:54, 20 сәуір 2026
Қазақстандағы үшінші және төртінші АЭС қандай болуы мүмкін екені белгілі болды
-
17:41, 20 сәуір 2026
Қазақстан белгіленген мерзімде АЭС салып үлгере ме – профильді агенттік түсініктеме берді





