Қызылордада «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық қобызшылар мен жыр айтушылар байқауы өтті
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында 2018 жылғы 18 қазанда Сыр өңірінде «Қорқыт. Қобыз» атты қыл қобызшылар мен қобызбен жыр айтушылардың республикалық байқауы болып өтті деп хабарлайды zakon.kz.
Ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі өнерпаздардың шығармашылығын насихаттау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат тұтқан шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Сан ғасырлар өтсе де, сыны мен сырын жоғалтпай, саф алтындай сақталып келген халықтық асыл мұрамыз – дәстүрлі музыка жаңғырған байқауда 17 өнерпаз бақ сынады.
17-55 жас аралығындағы республиканың әр өңірінен: Астана, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Қызылорда облыстарынан келген қыл қобызшылар Қорқыт күйлерін шертсе, қобызбен жыр айтушылар Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінен және Тоныкөк, Күлтегін, Оғызнама, ортағасырлық дәуірдегі көне жыр үлгілерінен үзінділер орындады.
Байқау барысында прима қобыз, фортепиано сүймелдеуімен сазды күйлерді нақышына келтіре орындаған өнерпаздар арасынан астаналық Шолпан Шарапатова шашасына шаң жұқтырмай, бас жүлдеге ие болды.
І орынды алматылық Аятолла Тұрғанов пен қызылордалық Айнуза Бегімсалова иеленсе, ІІ орынды оралдық Мөлдір Жалмұханбетова мен алматылық Әсел Қыдырмұрат, ІІІ орынды шымкенттік Анарбек Мырзабай мен қызылордалық Айдана Рүстембек бөлісті.
Қобызбен жыр айтушылар арасындағы сында қызылордалық Марат Сүгірбай, алматылық Қазбек Әдікей, қостанайлық Қыдырбек Қиысхан, қарағандылық Әлібек Бимендин жүлделі болды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады