Қызылорда облысында төрт түлікті індеттен аман алып қалу үшін 284 млн бөлінді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қызылорда облысында төрт түлікті 13 түрлі қауіпті жұқпалы дертке қарсы егу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24KZ" тілшісіне жергілікті мамандардың айтуынша, бұл шара ет өнімдерін экспорттау үшін маңызды. Өйткені 2011 жылы аусыл індетінің таралуына байланысты Қызылорда буферлік аймаққа енген еді. Сол кезде мал мен етті сыртқа шығаруға тыйым салынды. Бұл экспорттық шектеу алты жылдан кейін алынды. Қазіргі уақытта эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында ветеринария қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Телеарна ақпаратынша, биыл өңірде құтырма, сібір жарасы, аусыл секілді аса қауіпті инфекцияға қарсы 6 миллион 300 мың доза вакцина сатып алынды. Ақпан айынан бастап төрт түліктің жай-күйі сараланып, екпе салына бастады. Бұл жұмыстар Қазалы ауданында да жалғасып жатыр. Мамандар бірінші кезекте тауарлы сүт фермасында асыл тұқымды сиырларға вакцина салды.
"Бүгінгі таңда осы 1856 бас ірі қараға аусыл вакцинасы жүргізіледі және сарып ауруына қан сынамалары алып тексеріліп жатыр. Эпизоотиялық ахуал тұрақты, ешқандай ауру-сырқау жоқ".Серік Омаров, ветеринариялық бекет жетекшісі
Бұл ретте, өңірдегі ветеринария саласының автопаркі биыл 52%-ке дейін жаңарды. Сонымен қатар шалғай ауылдардағы 19 ветеринариялық бекет ғимараты жөндеуден өтті. Биыл тағы 10 нысан салу жоспарланған.
"Соңғы үш жылда 682 млн теңгеге бірінші кезекте жұмыс жасайтын мамандардың 163 компьютер, 163 термочемодан алып берді. Бұл өз кезегінде мамандардың ИСЖ базасымен жұмыс жасауын қамтамасыз етеді және дәрі-дәрмекті талапқа сәйкес алып жүруін қамтамасыз етеді".Шахмардан Қойшыбаев, ветеринария басқармасының басшысы
Бұған дейін Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған екі күдікті ұсталғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:20, 30 наурыз 2025
Қазақстандық боксшылардың оқу-жаттығу жиындары: дайындық барысы және алдағы халықаралық жарыстар
-
13:57, 30 наурыз 2025
Ақтауда екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты
-
13:19, 30 наурыз 2025
Димаштың польшалық жанкүйерлері Қазақстан туралы үстел ойынын ұйымдастырды
-
12:17, 30 наурыз 2025
Астанадағы бір автобус бағытын өзгертті
-
11:58, 30 наурыз 2025
Астана – Степногорск автожолында жол апаты болды: зардап шеккендер бар
Танымал жаңалықтар
-
15:53, 29 наурыз 2025
-
17:16, 29 наурыз 2025
-
17:57, 29 наурыз 2025
-
20:23, 29 наурыз 2025
-
16:10, 29 наурыз 2025
-
15:15, 29 наурыз 2025
-
16:53, 29 наурыз 2025
-
23:07, 29 наурыз 2025
-
19:30, 29 наурыз 2025
-
20:40, 29 наурыз 2025
-
10:20, 30 наурыз 2025
-
11:05, 30 наурыз 2025
-
10:20, 30 наурыз 2025
-
10:42, 30 наурыз 2025
-
11:58, 30 наурыз 2025