Қызылорда облысында 25 рет пәтерге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Облыс тұрғындарының үйіне ұрлыққа түсуді кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген пәтер ұрысы құрықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын – 19 млн теңге, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылорда облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әккі ұры Жаңақорған ауданында кезекті пәтер ұрлығын жасау кезінде қолға түсті. Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған.
Ұрлықты "кәсіпке айналдырған" азамат Түркістан облысы Қазығұрт ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Тергеу барысында аталған күдікті облыс аумағында 25 пәтер ұрлығын жасап, жәбірленушілерге 19 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтіргендігі анықталды.
Қазіргі уақытта полицейлер пәтер ұрысының облыс көлемінде жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:57, 15 қазан 2026
Сарапшылар 2027 жылы 1 АҚШ доллары қанша тұратынын айтты
-
20:57, 15 қазан 2026
Сарапшылар 2027 жылы 1 АҚШ долларының бағамы қандай болатынын айтты
-
20:43, 15 қазан 2026
Мәнерлеп сырғанаудан Астанада өтуі тиіс Төрт құрлық чемпионаты Алматыға ауыстырылды
-
19:43, 15 қазан 2026
ШҚО-да ашық түрде кісі тонаумен айналысқан күдікті ұсталды
-
19:31, 15 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті





