Қызылорда облысынан тас қобыз табылды
Сыр өңірінде Қорқыт кесенесі маңынан тастан жасалған қобыз мүсіні табылды. Археологтардың болжамы бойынша бұл жәдігер оғыз дәуіріне тиесілі екен. Ал Сортөбе қаласы 9-10 ғасырларда болған.
Портты қала ретінде тіршілігі қызған шаһар. Қазір ежелгі мекеннің 60 пайыз бөлігін су шайып кеткен. Құнды жәдігерді археологтар Сортөбе қалашығының үшінші қабатын қазу кезінде тапты. Қобыздың көлемі – 40 сантиметр. Зерттеушілердің айтуынша, тас мүсін құмшауыт тастан қашалып, моншақтармен әрленген. Ғалымдар егер қала толық аршылса, Қорқыт бабаға қатысты жаңа деректердің шығуы мүмкін екенін айтты. Сырдарияның негізгі арнасы қаланы салған кезде Сортөбеден алыстау болған. Ал қазір су шайған қаланың ұзын қимасы мен бір бұрышы ғана қалды. Енді тек көне шаһарды зерттеу жұмыстарын жүйелі қолға алып, жәдігерлерін мұражайға тапсыру керек.
Ағабек Назаров, өнертанушы:
-Қобыз бейнесіндегі тастан жасалған қобыздың сұлбасы. Өзім суретші ретінде мұның қобыз екенін білдім. Әркім әртүрлі жорамал жасай береді. Бірақ қағаз бетіне біркелкі түсірген кезде айқын көрінеді. Басқа адам көретін болса әрнәрсеге көз тартып кетеді. Табиғи деп айтайын десек табиғиға келмейді. Арты жонылған. Мына жақтары теп-тегіс, жылтыр етіп өңделген.
Сергей Болелов, Мәскеу мемлекеттік шығыс музейінің аға ғылыми қызметкері:
-Бұл жер қыстақ болуы мүмкін. Себебі халық осында, дарияның жағасына малға жайлы, шөбі шүйгін болғандықтан тұрақтаған. Негізі ескерткіштің 4 мәдени қабаты бар. Оғыз мәдениеті Жетіасар мәдениетімен байланысты. Жалпы мұндай мәдени ескерткіш Орталық Азияда жоқ.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





