Қызметкер еңбек демалысында жүрген әріптесінің міндеттерін орындай ала ма
© Фото: pexels
Бөлім басшысы оған басқа бөлім қызметкерінің міндеттерін жүктегені үшін қосымша ақы алады. Ол бір уақытта өзінің қарамағындағылар үшін де міндеттерін орындай ала ма? Бұл сұраққа Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбек кодексіне сәйкес бір ұйымда өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе сол лауазым бойынша қосымша жұмысты не өзінің негізгі жұмысынан босатылмай уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.
Қызметкерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар келесі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
- лауазымдарды қоса атқару;
- қызмет көрсету аймақтарын кеңейту;
- уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау (ауыстыру).
Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін қосымша ақы мөлшерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлеміне қарай қызметкермен келісім бойынша белгілейді.
Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін қызметкерлерге қосымша ақы төлеу, егер уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, жүргізілмейді. Мысалы, бастық орынбасарының лауазымдық міндеттеріне бастық лауазымын ауыстыру кіреді.
Бұған дейін Қазақстандық жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне берер берешегі қаншалықты екені белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:34, 10 қазан 2024
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифингіде не айтты
-
18:31, 10 қазан 2024
СҚО-дан есірткі алып келген таратушылар Ақмола облысында ұсталды
-
18:19, 10 қазан 2024
Ақтауда есірткі қылмысына қатысы бар екі тұрғын 10 жылға сотталды
-
18:19, 10 қазан 2024
Ақтауда есірткі қылмысын жасаған азаматтар 10 жылға сотталды
-
17:51, 10 қазан 2024
Азия чемпионаты: Қазақстанның ерлер құрамасы үстел теннисінен тарихи нәтижеге қол жеткізді