Қызметінен қуылса да Ғабидолла Үкіметке қайта келіп алды

11:48, 16 қыркүйек 2019

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды. Ол ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚР Премьер-министрінің өкімімен Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шымкент қаласының әкімі болып тұрғанда Ғабидолла Әбдірахымов "билікке деген сенімді кетірді" деген себеппен алдында отставкаға жіберілген еді. Оған оның желідегі "ерсі" деп табылған қылығы себеп болған. Жергілікті журналист экс-әкімді қала бюджетінен жарнамаға дегенді желеу етіп, орынбасары Данат Жуминнің фирмасы - "АПЕКС-Консалтқа" миллиондар аударған деп айыптады. Бірақ Данат Жумин көп ұзамай Үкімет құрамынан төбе көрсетті. Ол ҚР Премьер-министрі кеңсесі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалған. Артынан, іле-шала, міне Ғабидолла Әбдірахымов та Үкіметтің құрамына қосылды.

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған, "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік біледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!