Қыздың басын кесіп алған жамбылдық жігіттің сотында күтпеген жайт орын алды

10:21, 17 қаңтар 2020

"Қызылордалық Назерка Бекжанованы өлтірді" деп айыпталған жігіттің сотында күтпеген жайт орын алды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Басы кесілген қыздың денесі 2018 жылдың күзінде Сырдария жағасынан табылды. Оның қасында кеудесінен және қарнынан пышақ жарақатын алған бір жігіт жатты.

Кейін сол жігіт өзінің таныс қызын қатыгездікпен өлтіргені анықталды. Прокурор ер адам қызға үш рет пышақ сілтеген, одан кейін басын кесіп, оны оқиға орнынан он метр жерге лақтырып жіберген дейді. Істі осылай тындырған жас жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болып, артынан хат жаздырып қалдырған. Онда жігіт екеуін бір жерге жерлеуді өтініпті.

Назерке күдіктіге үйленуден бас тартқан. Осы кісі өлтіруге себеп болған. Жақында мамандар жас жігіттің шизофрениядан зардап шегетінін анықтады. Бұл диагноз оның түрмедегі жазадан құтылуына мүмкіндік берді. Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін еді. Алайда, қазір ол психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп емдеуге жіберілуде.

- Нәтижесінде, Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағына сәйкес, яғни ерекше қатыгездікпен кісі өлтірген Бекеновты ауруханалық психиатриялық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Қызылорда облысы прокуратурасы басшысының орынбасары Батырбек Нұрмағанбетов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!