Қыздар Университетінің ғалымдары алғашқы өнертабыс патентіне ие болды

14:34, 28 қыркүйек 2018

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары «YbBiNaFeO5 құрамды висмутты – ферритті алу жолы» атты патентке ие болды. Инновациялық өнертабыс наноқұрылымды бейорганикалық материалды синтездеп алғаны үшін беріліп отыр. Бұл туралы zakon.kz оқу орнының Баспасөз орталығының басшысы Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхаметқали Матаевтың жетекшілігімен Қыздар Университетінің бір топ ғалымы бірнеше жылдан бері Жаратылыстану факультетінің базасындағы Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу орталығында тәжірибе жүргізіп келеді. Ұзақ жылғы ғылыми ізденістің нәтижесінде олар күн энергиясын түрлендіру құрылғыларына магниттік жартылай өткізгіш материалы ретінде, спинтроника, микроэлектроника және компьютерлік техника құрылғыларына материал ретінде қолданыла алатын өнертабысқа қол жеткізіп отыр.

Жандар Асанның ақпаратына сүйенер болсақ, бұл патент – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің алғашқы өнертабыстық инновациялық патенті.

Оқу орнының Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми, қоғамдық және басқа да ғылыммен айналысатын ұйымдармен бірлесе отырып ғылыми жобаларды дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына қатысады.

рталықтың жұмыс істеу бағыты бойынша қызметкерлерге, университеттің білім алушыларына қызмет көрсетуге жоспарланған. Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстары химия және биология кафедраларының бірнеше ғылыми бағыттарына сәйкес жүргізіледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!