Қыздар Университетінде әлемдік ұйымның өкілдігі ашылады
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының Y-Peer/Жас құрдастар қозғалысының ресурстық орталығы ашылады, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
– Алдағы уақытта Қыздар Университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты мен аталған жастар қозғалысы бірлесіп студенттерге гендерлік теңдік жайында, жастардың көшбасшылық деңгейін көтеру мақсатында семинарлар мен тренингтер өткізуді жоспарлап отыр. Жастар арасында тәрбие беру мен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, олардың жеке азаматтық позициясын қалыптастыру және көшбасшылық әлеуетін дамыту бүгінде үлкен маңызға ие, – дейді Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.
Айта кетейік, БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қоры Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқатын арттырудағы үлесі үлкен. Ұйым қызметі негізінен ана денсаулығын сақтау, әйелдер, жастар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту үшін нәпсіқұмарлық және репродуктивтік денсаулық пен репродуктивтік құқықтарды қорғауға жәрдемдесу арқылы даму саласындағы мыңжылдықтың бесінші мақсатына қол жеткізуге көмек көрсетуге бағытталған.
Бүгінде Y-Peer/Жас құрдастар қозғалысы әлемнің 44 елінде қызмет атқарады. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, гендерлік теңдікті сақтау, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту басты мақсаты болып табылатын ұйым 1999 жылы БҰҰ жастарды дамыту және қорғау мәселелері бойынша құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының бастамасымен құрылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады