Қытайлық CNNC еліміздегі тағы бір АЭС құрылысы бойынша консорциум жетекшісі ретінде танылды
© Фото: zakon.kz
Қытайлық CNNC Қазақстандағы тағы бір АЭС құрылысы бойынша консорциумның жетекшісі ретінде танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, шорт-листке енген барлық преквалификациядан өткен қатысушылардың өзіне тән бірегей технологиялары бар. Дегенмен, Қытай мен Ресей ұсынған жобалар объективті түрде ең мықты болып танылды.
"Қытай Халық Республикасымен атом саласындағы ынтымақтастық жөнінде жеке бас келісімге қол қою жоспарланып отыр. Біз Қазақстанда тағы бір атом электр станциясын салу үшін қытай технологияларын пайдаланғымыз келеді. Жалпы алғанда, әлемде толық атом циклін өз күшімен жүзеге асыра алатын елдер көп емес. Ал Қытай – мұндай мүмкіндікке ие, барлық қажетті технологиялары мен индустриялық, өндірістік базасы бар мемлекет. Сондықтан біздің келесі басты басымдығымыз – Қытаймен ынтымақтастық", – деді Сәтқалиев.
Агенттік басшысы қытайлық тараппен тиісті келіссөздер жүргізілетінін атап өтті.
"Бізде жоғары деңгейде уағдаластықтар бар. Қытай тәжірибесін қабылдауға қызығушылық танытып отырмыз, олардың құрылысты жылдам әрі сапалы жүзеге асыра алатынын жақсы түсінеміз. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс бастап кеттік. Агенттік ретінде бізге тиімді консорциумдар құру міндеті де жүктеліп оты", – деді спикер.
Бұған дейін Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салатын халықаралық консорциум көшбасшысы таңдалып алынғаны хабарланған. Ол ресейлік "Росатом" болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 18 желтоқсан 2025
Павлодарда есірткіні магнит арқылы жасырған азамат ұсталды
-
12:46, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген жаңа атаққа ие болды
-
12:36, 18 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
-
12:35, 18 желтоқсан 2025
Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілді
-
12:24, 18 желтоқсан 2025
Жаңа жылдық құттықтау файлдары: ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды





