Қытайдан жүк тасымалы: монополистке қатысты тергеу аяқталды

10:27, 2 ақпан 2023

© Сурет: Zakon.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "Eurotransit Nur Zholy" ЖШС-не қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл заңды тұлға Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсірген.

"Атап айтқанда, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-ның бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзындығы 3 км) заңсыз жолмен қымбаттатқан".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд теңге болды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд. теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) аудару туралы өтінішхат түсті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!