Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді
ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қытайдың Ухань қаласында коронирус инфекциясының өршуіне байланысты ҚХР-мен шекарадағы өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды күшейтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Мамандар ел тұрғындарына вирустың таралуының алдын алу үшін ҚХР-ға барудан уақытша бас тартуға кеңес береді.
"Алтынкөл ТЖ", "Нұр Жолы", "Қорғас ШЫХО" өткізу бекеттерінде, сондай- ақ Үрімші-Алматы пойыздарында алдын алу шаралары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, Қытайдағы жаңа жыл мерекесіне байланысты «Қорғас ШЫХО» 2020 жылдың 2 ақпанына дейін жабылды.
Сонымен қатар, әуежайлар мен темір жол вокзалдарында, автокөліктер өтетін орындарда, әсіресе, Қытай Халық Республикасынан келетін барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер және басқалар) міндетті байланыссыз термометрия жүргізіледі.
Бүгінде Қытаймен мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде 19 704 адам тексерілді:
-Алматы және Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайларында 17 043 адам (15 992 жолаушы және 1051 экипаж мүшесі);
- теміржол вокзалында 161 адам (33 жолаушы және 128 бригада құрамы);
ҚХР-дан келгендердің арасынан дене қызуы жоғары және ауру белгілері бар адамдар анықталған жоқ.
Айта кету керек, медициналық ұйымдарда артық қор үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімі дайындалды.
Жергілікті Денсаулық сақтау басқармалары инфекциялық стационарлар, өзге де стационардан қосымша төсектер дайындауда. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлердің арасында теориялық және практикалық әзірлік жүргізілді.
Азаматтар үшін тәулік бойы 1406 байланыс-орталығы (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры базасында) жұмыс істейді және + 7 (7172) 76-80-43 нөміріне де қоңырау шалып, коронавирус туралы, сондай-ақ аурудың алдын алу шаралары мен негізгі белгілері жайлы толық ақпарат алуға болады.
Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жіті бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады